jasqazaq.kz

Әскери бөліммен ауылды байланыстыратын көпір опырылды (Фото)

19 мамыр 2016, 0:47

b8266d3eba248f7e592deedda0f017ca

Алматы облысының Қарой ауылында тірегін су шайып кеткен көпір опырылып түсті. Бұл туралы аудандық ТЖ бөліміне сілтеме жасап Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. Көпір ауылды әскери бөліммен байланыстырады.

18 мамырда таңғы 9.25-те Іле аудандық ӨБ-3 бөліміне Қарой ауылдық округінің әкімінен ауылда көпірдің опырылғаны жайлы хабар келіп түскен. Оқиға орнына аудандық ТЖ, аудандық ІІБ, прокуратура және әкімдік басшылығы барды.

«Оқиға орнына келгеннен кейін тірегін су шайған көпірдің бір жағының опырылғаны анықталды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді, қаза болғандар жоқ. Қаскелең өзенінің үстіндегі көпір темірбетон плиталарынан және тіректерінен жасалған. Көпір кеңес үкімет кезінде, шамамен 1980 жылдары салынған», — деді Іле аудандық ТЖ басшысы Анаят Мәсімов.

Сонымен қатар, шенеуніктер уақытша көпірдің салынатынын айтты. Бұл деректі аудандық прокутура ерекше бақылауға алды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық