jasqazaq.kz

Өскеменде әскери техника мектеп қоршауын қиратып кетті (видео)

26 сәуiр 2017, 12:31

Өскеменде жергілікті университетке жеткізілген әскери техника тар жолға сыймай, мектептің қоршауын қиратып кетті.

Бүгін таңертең әлеуметтік желілерде әскери техниканың мектеп қоршауын қиратқан сәті түсірілген видео пайда болды. Қолданушылар танктің Өскеменде не істеп жүргені және ауқымды техниканың неліктен №43 мектептің маңында пайдаланылғаны жайлы сұрақтар қойды. «Біздің университетіміздің корпусы мектептің маңында орналасқан. Онда әскери кафедра бар. Видеоға түсіп қалған техника танк емес, ол өз бетімен жүретін гаубица. Оны Қорғаныс министрлігі болашақта жаттығулар жүргізу үшін біздің университетке берді. Оны оқу-жаттығу мақсатында қолданамыз. Гаубица ауқымды, оған тар жолдан өту керек болды. Сондықтан да осындай жағдай болып қалды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», — деді ШҚО-дағы Серікбаев атындағы Мемлекеттік техникалық университеттің баспасөз қызметіндегілер. Tengrinews.kz хабарлағандай, №43 мектептегілер бұл оқиғада оқушылардың зардап шекпегенін айтты. Қазіргі уақытта мектеп қоршауын жөндеу жұмыстары талқыланып жатыр. ШҚО ІІД өкілдері құқық қорғау органдарына осы дерек бойынша ешкімнен шағым түспегенін және олар зардап шеккендер жайлы хабар алмағанын айтып отыр.

https://youtu.be/2FdBKLqioPs

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық