jasqazaq.kz

Сирияға көмек – 50 тонна

10 ақпан 2023, 9:26

Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен отырыста Сирияға гуманитарлық көмек жіберу мәселесі талқыланды. Президент Қ.Тоқаевтың Сирияға көмек жіберу жөніндегі тапсырмасына сай ортақ шешім қабылданып, зілзаладан зардап шеккен елге Қазақстан 50 тонна гуманитарлық жүк жіберетін болды. Гуманитарлық көмек есебінде мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген тағам өнімдері, жылы киім-кешек, қысқы маусымға арналған шатыр, кереует, төсек-орын жабдықтары жіберіледі. 50 тонна жүк Сирияның Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы жөнелтіледі.

Сирия елінде болған жойқын зілзаладан қайтыс болғандардың саны 2802 адамға жетті, жарақат алғандардың да саны 5 мыңнан асты.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті