jasqazaq.kz

Сирияға да көмек керек!

08 ақпан 2023, 16:45

Батыстың санкциялары Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуге кедергі келтіріп отыр. Сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында араб республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Бассам Саббағ осылай деп мәлімдеді.

«Көптеген жүк ұшақтары америкалық және еуропалық санкциялардың кесірінен Сирияға қонудан бас тартуда. Тіпті көмек қолын созғысы келетін мемлекеттер де қажетті заттарды жібере алмай отыр. Біз БҰҰ-ға мүше елдердің барлығын жәрдем беруге шақырамыз. Сирияға көмек керек», — деді ол.

Бүгін Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис Еуроодақтан бүкіл көмек Түркияға жіберілгенін мәлімдеді. «Оған геосаяси түйткілдің қатысы жоқ» деді ол.
Сирияға қол ұшын созған азғантай елдің ішіне Ресей бар.

«Спутник Қазақстан» телеграм-каналында жазылғандай, Ресейден көмекке барғандар 42 адамды құтқарып, 200 адамға медициналық қызмет көрсетті.

Неше жылға созылған соғыстан зардап шеккен Сирияда денсаулық сақтау жүйесі толық қалпына келген жоқ. Халықаралық құтқару комитетінің мәліметінше, елде соғысқа дейінгі медициналық мекемелердің 45 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Сондықтан зілзаладан зардап шеккендер, әсіресе, медициналық көмекке мұқтаж. Азық-түлік пен киім-кешекті айтпағанда.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты