jasqazaq.kz

Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100 адамнан асты

06 ақпан 2023, 12:07

Түркияда болған зілзала салдарынан Сирияда қаза тапқандар саны 100 адамнан асты, деп хабарлайды JQ-Aqparat ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ондаған адам Алеппо, Идлиб, Латакия мен Хама провинцияларында қираған ғимараттар үйінділерінің астында қалған. Қирандылар астынан шығарылған адамдар саны 400 адамға жетті. Құтқару жұмыстары нөсер жаңбырға қарамастан жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 магнитудасына дейін үш рет жер сілкінді. 7,4 балдық ең қуатты жерасты дүмпуі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де, 7 км тереңдікте болды. Содан кейін әртүрлі аймақтарда — Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы жер сілкінген.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр.Соңғы мәліметке сәйкес, қаза болғандар саны 76-ға жетті, 440 адам жарақат алды. Қираған ғимараттар саны — 140.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде