jasqazaq.kz

Шымкенттің этномәдени бірлестіктер Наурыз тойын тойлады

23 наурыз 2023, 14:32

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр.

Бүгін Шымкент қалалық ҚХА жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.

«Армысың, әз – Наурыз!» атты салтанатты шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің төрағалары мен өкілдері, 7 қоғамдық құрылым –Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Кәсіпкерлер ұйымының мүшелері атсалысты.

–Наурыз мейрамы – өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын және Күн мен Түн теңеліп, айнала жаңаратын игі мереке. Наурыз – ынтымақ пен бірліктің, достықтың мерекесі. Еліміздің ынтымағын нығайтып, татулығын сақтауда еңбек етіп жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы М.Шотанов.

Жиылған қауым «Достық үйі» және «Бірлік үйі» атауымен тігілген қос киіз үйге бас сұғып, онда этномәдени бірлестік өкілдері жайған дастарханнан дәм алды. Сондай-ақ, «Наурыз кәдесі» үлестіріліп, ұлттық ойындар ойнатылды.

Айта кетсек, Наурыз мерекесіне орай, Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Асқаров атындағы дендросаябаққа 100 түп ағаш отырғызды. Көшет отырғызу ісі қаланы көркейтумен қатар қоршаған ортаға, табиғатқа, адамзатқа да жасалған қайырымдылық дегенді алға тартқан шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамазан Матаев шымкенттіктерді көбірек тал егуге шақырған болатын.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде