jasqazaq.kz

Шымкенттің этноауылында екі мың литр наурызкөже таратылды

23 наурыз 2023, 15:34

Атшабар маңындағы этноауылға 170-тен аса киіз үй тігілген.

Шымкентте «Наурыз — Шымкенттен басталады» думанды мерекенің бүгін үшінші күні. Жаңа атшабарда өтіп жатқан мейрамда қазақтың ұлттық ойындарынан көкпар, теңге ілу, аламан бәйге, қазақ күресі және садақ ату сайыстары өтіп жатыр.

Атшабар маңындағы этноауылға 170-тен аса киіз үй тігілген. Оның ішінде 20 киіз үй өзге өңірлерден келген делегаттарға тиесілі. Әр өңір өзінің тарихы мен туристік әлеуетін таныстырып, қонақтарға наруыз көже үлестіруде. Думанды мерекеге келген қонақтар арнайы әзірленген наурыз көжеден дәм татты. Этноауылда 2 тонна көже пісіріліп, қонақтарға таратылып жатыр.

–Біз Наурыз мерекесін тойлау үшін Шымкентке арнайы келдік. Шымкенттің адамдары да ауа райы секілді жылы екен. Бүгінгі ипподромдағы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жыл сайын наурызда осында тойлауды жоспарлар отырмыз, –дейді Петропавл облысынан келген қонақ Фатима Қадірова.

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік бағдарлама әр өңірдің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуенін күтіп алудан басталды. Бұл керуендердің құрамында әр өңірдің белгілі өнерпаздары мен спортшылары бар. Батыс керуенін елімізге білгілі әнші Тамара Асар, Шығыс керуенін дәстүрлі әнші Ардақ Балажанова, Солтүстік керуенін танымал эстрада әншісі Мадина Садуақасова, Оңтүстіктің керуенін жергілікті дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева бастап шықты.

Шымкенттің жаңа атшабары маңындағы жасақталға этноауылда Ұлыстың Ұлы күні Наурызға арналған «GREAT QAZAQ GAMES» іс-шарасымен жалғасты. Онда еліміздің барлық өңірлерінен және Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы мен Иорданиядан келген спортшылар бақ сынады. Олар 3 күн бойына көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және өзге де ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түсті.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде