jasqazaq.kz

Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда

31 желтоқсан 2025, 14:22

Шымкент қаласында тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа жыл қарсаңында бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Қалада тұрғын алаптарды газдандыру жұмыстары жалғасып, Алтынтөбе және Тассай тұрғын алаптарына табиғи газ қосылды. Алтынтөбе алабында ұзындығы 12 шақырымнан асатын газ желісі тартылып, 343 тұрғын үй газбен қамтылды. Тассай шағынауданында газ құбырының жалпы ұзындығы 68 шақырымнан асып, 3 341 тұрғын үй көгілдір отынға қол жеткізді. Жоба 2022–2025 жылдары аралығында үш кезеңмен іске асырылды.

Табиғи газға қосылу тұрғындардың жылу шығындарын азайтып, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бозарық шағынауданында 203 отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Баспана «Отбасы банк» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары аясында баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді.

Айта кетейік, Бозарық шағынауданында мемлекеттік тұрғын үй саясаты шеңберінде 444 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Пәтерлер кезең-кезеңімен бөлінетін болады.
Аталған жобалар Шымкент қаласында қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуде.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку