jasqazaq.kz

Шымкентте — Shymkent bike

11 шiлде 2016, 14:59

3d1492ac9a2043d2d2a04c64a9fbbdd94a4117bc

   Шымкенттегі жағымды жаңалық–« Шымкент байк»  қала тұрғындарына тез тарап кетті. Әшейінде, «зауыт ашылды, бала-бақшаның лентасы қиылды…» сияқты  жаңалықтарға елең ете қоймайтын халық, бұл жолы кәдімгідей құлақ түрді, теледидарларға телмірді.

Енді ол «аздай», Шымкенттегі ең керемет жаңалықтардың бірі–«Шымкент байк»  жобасының ашылуы еді. Ағылшынша «Shymkent bike», байк сөзінің  қандай мағына беретінін  қала тұрғындарының бірі біліп, бірі өздерінше долбар жасап жатты. Біздің білетініміз:

Мотоцикл спортымен айналысатын адамды байкер деп атайды.  Велосипедтде сол байкер отыратын мотоциклдің «інісі» іспетті.

Сенбі күні қаладағы орыс драма театрының алды көз тартарлықтай безендіріліпті. Арнайы тұрақта, қазіргі тілмен айтсақ, станция-бекетте  велосипедтер қаз-қатар тізілген.  Әсіресе, қала жастары мәз-мейрам.   Қала жұртшылығы «Shymkent Bike» жобасы аясында велостанцияның  салтанатты ашылуына келген қонақтар мен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты ыстық ықыласпен, зор ілтифатпен қарсы алды. Олай дейтініміз–қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытудың осынау жобасын Шымкент әкімдігі мен «Самұрық — Қазына» АҚ бірге іске асырып отыр. Алғашқы сөзді алған қала әкімі қала тұрғындарын жаңа жобаның ашылуымен құттықтады. «Бұл жоба, –деді ол сөзін жалғап,–біріншіден адам денсаулығына өте пайдалы, денеңіз шынығады, сергек жүресіз, ауырмайтын боласыз, екіншіден, қала экологиясы жақсарады. Автомобильдердің көк түтіні біршама азаяды, үшіншіден, әлеуметтік жағдайыңыз жақсара түседі. Автобустарға отырудан  аз шығын жұмсайсыз.»

Қала әкімінен кейін сөз алған қонақтар «Самұрық — Қазына» АҚ адам ресурсын басқару басқармасының атқарушы директоры Ұлан Тәжібаев, Қазақстанның велоспорт федерациясы қоғамдық қорының президенті, «Самұрық — Қазына» АҚ коммуникация бойынша атқарушы директоры Дархан Қалетаев, «Самұрық  — Қазына» АҚ әлеуметтік жобалар қызметінің жетекшісі Нұрлан Оразалиев және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Ерлан Дәрімов мырзалар бұл жоба бойынша Астанада тек көктем, жаз, күз айларында ғана жұмыс жасалынатынын, ал, қыс айларының қаталдығына байланысты тоқтатылатынын, Шымкентте жыл он ек ай үзіліссіз жұмыс істейтінін тілге тиек етті.

Жалға берілетін велосипедтер шынында ыңғайлы жасалыпты, қазақшалап айтсақ, «шайтан арбалар»  авиа өндірісінде қолданылатын хромдалған болаттан жасалған екен. Жымқырушы ұрылар үшін де тиімсіз, әр бөлшегі өзгеше жасалған және өзге велосипедтерге салуға келмейді. Жалпы салмағы — 24 келі.

«Shymkent Bike» жобасының алғашқы станциялары қаланың орталық көшелерінде ашылды. Деректерге сүйенсек, 200 велосипедке шақталған 40 велостанция ашу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде көшедегі көлік саны азайып, экологиялық ахуал да жақсарады дейді жауапты мамандар. Бұл жүйе күн көзінен қуат алып, паркинг желісінің терминалымен жабдықталатын болып отыр.

«Shymkent Bike» жобасы қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытумен қатар мегаполис тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануға да сеп болатыны көзге көрініп тұр. Тіпті, алғашқы жарты сағат сіздің еншіңізде, тегін босатылады. Осы жарты сағат ішінде келесі бекетке дейін жетіп, велосипед ауыстырып, қалаған жеріңізге жетіп алуыңызға да болады. Бүгінде бекеттердің  төртеуі салтанатты түрде пайдалануға берілді.  Шайтан арбадарды жалға алыңыз да, зымырай беріңіз! Ол үшін пайдаланушы арнайы карточка алуы тиіс. Оның құны — 11500 теңге.

Хош, сонымен «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, қала әкімі бастаған қонақтар алғашқылардың бірі болып, карточка сатып алды, әрі келесі бекеттерге қарай жол тартты.

 

Мұхтар ЖҰМАШҰЛЫ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық