jasqazaq.kz

Шымкентте өткен наурызда еліміздің «Ең үздік киіз үйі» анықталды

23 наурыз 2023, 17:56

«Наурыз Шымкенттен басталады» думанды мерекеде «Үздік киіз үй» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Өңірлер арасындағы сайыста киіз үйлердің жабдықталуы мен жасақталуы, ондағы қойылған ұлттық тағамдарға мәдениет қайраткерлерінен құралған комиссия мүшелері баға берді.

Комиссия құрамында – Құралай Сәтмұқанбаетова, Еркін Шымырқұлов, Бекболат Құрманқожаев, Қалтөре Жұмағулов, Захариддин Қыстаубаев және білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиевалар бар. Әр өңір комсссия мүшелеріне өзінің ерекшелігі, тарихы, туристік әлеуеті, экономикалық дамуы, салт-дәстүрін бірі ән арқылы, бірі қара сөзбен таныстырды.

–Таңдау өте қиын болды. Барлығы үздік. Олардың Шымкентке деген ыстық ықыласын жайған дастарханы мен дайындығынан білуге болады. Қатысушылар киіз үйдің жабдықталуын, ыдыс-аяқ, кебеже мен сандықты орналастыру тәртібін, аңшылық құстың орнын бәрін-бәрін көрсеткен. Ұмыт болған әдет-ғұрыпты жаңғыртқандар да аз емес, – деді мәдениет қайраткері, компазитор Құралай Сәтмұқанбетова.

Комиссия мүшелерінің қорытындысымен Абай облысы тіккен киіз үй үздік деп табылды. Жеңімпаз өңірді қала әкімі Мұрат Әйтенов қаржылай сыйлықпен марапаттады.

Шымкентте өтіп жатқан «наурыз Шымкенттен басталады» мерекелік думанда ұлттық құндылықтар дәріптелді. Салтанатты жиында ұлттық ойындармен қатар, ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық өнер бойынша сайыстар ұйымдастырылып, бүгін жеңімпаздар марапатталды.

Жаңа ипподром аумағынан ашылған ұлттық нақыштағы этноауылда 170-тен аса киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылған. Оның ішінде 20 киіз үйді еліміздің өзге өңірлері жасақтап, береке мен бірліктің үлгісін көрсетті. Этноауылда арнайы қазан-ошақ құрылып, онда 2 мың литр наурыз көже пісіріліп, қонақтар ауыз тиді.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде