jasqazaq.kz

Шымкентте екі күн бойы «ДәмДәсТour» фестивалі ұйымдастырылды

23 наурыз 2023, 16:36

Шымкент әрдайым дәмді тағамы және қонақжайлылығымен ерекше. Қазір әл-Фараби алаңында Наурыз мерекесі аясында бармағынан бал тамған аспаздар сынға түсіп жатыр. Бұл сайыс Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен «ДәмДәсTour» фестивалі аясында өтіп жатыр.

Фествальді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов ашып, қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.

– «ДәмДәсTour» фестивалінің Наурыз мерекесінде ұйымдастырылуының өз мән-мағынасы бар. Бұл береке мен бірліктің, татулықтың, молшылық пен кеңдіктің үлгісі болатынына сенімдіміз, — деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Мұнда қаламыздың танымал 50-ге жуық тамақтану орындары –мейрамхана, кофейня, самсаханалар, фаст-фуд, балмұздақ, шайханалар қатысып, өздерінің авторлық мәзірлерін ұсынуда. Жәрмеңкенің басты мақсаты – Шымкент қаласын еліміздің гастрономиялық орталығы ретінде имиджін қалыптастыру.

–«ДәмДәсTour II» фестивалін – үшінші мегаполистің жыл сайынғы ДӘМДІ мерекесіне айналдыру ойымызда бар. Бұл қаламыздың туризмін дамытуға оң септігін тигізеді және бұл қала кәсіпкерлерін қолдау, — дейді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Омаров.
Олар «Ең үздік шымкенттік палау», «Ең үздік шымкенттік наурыз көже», «Ең үздік шымкенттік кондитерлік өнім», «Ең үздік шымкенттік фаст-фуд», «Ең үздік шымкенттік кәуап» және «Ең үздік шымкенттік самса» номинациялары бойынша бақ сынауда.

Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, келген қонақтарға қаламызда дәстүрге айналған «Шымкент шәйі» таратылады. Жәрмеңке аясында концерттік бағдарламалар, ойын-сауық және түрлі конкурстар ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар ұсынылады.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде