jasqazaq.kz

ШЫМКЕНТТЕ БЮДЖЕТТІҢ ӨЗ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04 қазан 2025, 17:26

Мемлекет Басшысының өңірлердің өз кірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың, мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Жиында жергілікті бюджеттің табыс базасын кеңейту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері талқыланды.

Қала әкімі тұрақты әрі теңгерімді кіріс базасын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Себебі, дәл осы қаражат есебінен қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызды жобалары жүзеге асырылады. Соңғы екі жылда бұл бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, оң динамика байқалуда.

Атап айтқанда, қалалық бюджет көлемі 239 млрд теңгеге артып, 895 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 496 млрд теңге — өз кірістері. Бюджеттің дербестік деңгейі 46%-дан 56%-ға дейін өсті. Бұл республикалық трансферттерге тәуелділіктің төмендеп, қаланың қаржылық тұрақтылығының артқанын көрсетеді.

Кеңес барысында 2026–2027 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары талқыланды. Құжатта жоспарланған түсімдерді қамтамасыз ету, салықтық әкімшілендіруді күшейту, қосымша кіріс көздерін айқындау және бюджет процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру шаралары қамтылған.

Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға кірістердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыруды және кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін нақты қызмет жүргізу орны бойынша Шымкент қаласында салық төлеуші ретінде қайта тіркеу қажеттілігі түсіндірілетін болады.

Өз кіріс базасының кеңеюі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды көбірек іске асыруға, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында