jasqazaq.kz

Шымкентте биыл 250 жаңа аялдама орнатылады

25 наурыз 2023, 12:41

Шымкент қаласының орталық көшелеріне ағымдағы жылы заманауи үлгідегі жаңа 250 аялдама павильонын орнату жоспарланып отыр.

Жаңа типтегі шыны барлық аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат, елді мекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру.

Сала мамандары аялдамалардың ұзақ сақталып, шаһар көркін кіргізіп тұруы — сапасына ғана емес, қала тұрғындарының істелінген жұмысқа жауапкершілікпен қарап, орындықтарды сындырмай, тұрған орнын бүлдірмей таза ұстауына да байланысты екенін айтады.

Маманның айтуынша, жаңа аялдамаларды орнатудың да өз реті, тәртібі бар. Аралық өлшемдерін мөлшерлегенде ең алдымен, жолаушылардың ағымы ескеріледі. Тозығы жеткендерін жаңарту, орналасу орнын зерделеу бағытында нақты жоспарлы жұмыстар бар. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны бар, қалғаны аялдама белгілері орнатылған.

Шымкентте өткен жылы қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнатылған. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат — елдімекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру.

Сонымен қатар, қалада көлік саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында бірқатар жоспар қолға алынған. Соның бірі – ақылды аялдама жобасы.
Пилоттық режимде IDC компаниясымен бірлесе орталық көшелердің бойына 8 «Ақылды аялдама» орнатылған. Бұл жоба жеке инвесторлар есебінен іске асырылып отыр.

Аялдаманын сыртында LED экран орнатылып, кез келген жарнаманы немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге болады. Сонымен қатар, қыс мезігілінде аялдама ішінде температурасы 20 градустан жоғары болса, жаз мезгілінде салқын ауаны ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Бибайша Нұржанқызы

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата