jasqazaq.kz

Шымкентте азаматтық қорғау орындарының 30 жылдығына арналған жиын өтті

18 қазан 2025, 16:23

Елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осынау атаулы күннің еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуы мен дамуы тарихындағы маңызы зор. Сондықтан бүкіл ел аумағында бұл күні түрлі іс-шаралар өткізіліп, құтқарушыларға құрмет көрсетіледі.
Шымкент қаласында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтуға елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлерін құттықтады. Салтанатты жиын барысында үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен арнайы көліктердің кілттерін табыс етті.

– Еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың игілігі жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз – ерлік пен Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сіздер адамдарды құтқару жолында күн сайын өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, борыштарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Осынау мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін – деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала әкімі, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған заманауи өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының көрмесін аралады.
Айта кетейік, қалалық департаментте қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. 10 өрт сөндіру бекетінің мамандары мен жедел-құтқару жасағы жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, қала аумағының кеңеюіне байланысты қауіпсіздікті жақсарту, жаңа өрт сөндіру бекеттерін салу, жедел жәрдем мен полицияны біріктіретін заманауи көпфункционалды орталықтарды құруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, соңғы жылдары өртке қарсы сынақ зертханасы мен медициналық пункт ашылып, 43 жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Құтқарушылардың дайындығын арттыру үшін спорт алаңы мен жаттығу алаңдары әзірленді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін