jasqazaq.kz

Шымкент: Жол қауіпсіздігін арттырудың жаңа шаралары қолға алынды

12 қараша 2025, 19:12

Шымкент қаласында көлік қозғалысын оңтайландыру және жол қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бірқатар көшенің қиылыстарында көлік кептелісін болдырмау мақсатында бағдаршам нұсқауларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Темірлан тасжолы мен Мангельдин көшесінің, Темірлан тасжолы мен Қожанов көшесінің, Т.Рысқұлов пен Б.Момышұлы көшесінің қиылыстарындағы бағдаршамдағы қосымша секциялар жасыл түсті «(+)» белгісі бар бағдаршамдарға ауыстырылды. Осындай өзгерістер көлік қозғалысын реттеп, қиылыстардағы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникацяилар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.
Сонымен қатар, А-2 тасжолында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 2025 жылғы 12 қарашадан бастап 22 қарашаға дейін Бозарық айналмасынан Тұран шағынауданындағы Қожаберген жырау көшесіне дейінгі аралық жабылады. Осыған байланысты жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Бұдан бөлек, Ю.Сареми және Жаңақұрылыс көшелерінде де жөндеу жұмыстары басталып, 11 қарашадан бастап 1 аптаға дейін көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі.
Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазыбек би және Адырбеков көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өткелдеріне, сондай-ақ Желтоқсан мен Қабанбай батыр көшелерінің бөлу жолағына жарық шағылыстырғыш (катафот) элементтері орнатылды. Бұл жұмыстар қала бойынша кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.
Сонымен қатар Шымкент қаласында тұрғындар мен қонақтардың қозғалысын жеңілдету мақсатында көше атаулары көрсетілген жаңа бағыттаушы белгілер орнатылуда.
Қазіргі таңда бұл жұмыстар қаланың негізгі магистралды көшелерінің қиылыстарында жүргізіліп жатыр. Жоба аясында жыл соңына дейін барлық басты қиылыстарды толық қамту жоспарланған.
Жаңа сілтегіштер қала тұрғындарына ғана емес, шаһарға келген қонақтар мен туристерге де бағыт-бағдарды оңай анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жаңашылдық – Шымкенттің заманауи келбетін айқындайтын және қала инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
JQ-Aqparat

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді