jasqazaq.kz

Шымкент: Жедел жәрдем қызметкерлерінің қауіпсіздігі күшейтіледі

19 қараша 2025, 17:16

Шымкентте медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жедел жәрдем мамандары бейнежетондармен жабдықтала бастады. Пилоттық жоба қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызмет сапасын бақылауға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімдігінің ресми өкілі – қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтты.

Бейнежетон киімге бекітіліп, жұмыс барысында үздіксіз бейне және аудио жазба жасайды. Жазбалар қорғалған серверге жіберіліп, оларды медицина қызметкерлері өзгерте алмайды. Материалдар тек жауапты лауазымды тұлғалар тарапынан қызметтік мақсатта, соның ішінде қызмет сапасын бақылау және мамандардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланылады.

Құрылғыда SOS батырмасы бар: төтенше жағдайда ол сигнал жіберіп, диспетчер бригаданы жедел қолдауға шақыра алады.
Бүгінгі күні Шымкентте 115 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді: 28 дәрігерлік және 87 фельдшерлік. Пилоттық жобаны алдымен осы бригадаларда сынақтан өткізіп, тиімділігі дәлелденсе, бейнежетондар барлық бригадаларға кезең-кезеңімен енгізіледі.

Бұл бастама дәрігерлердің қауіпсіздігін арттырып, медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Брифингте УДЗ диагностикасы бойынша халықаралық деңгейдегі шеберлік сабағы өтетіні де сөз болды.
Шымкенттегі №7 қалалық емханада 2025 жылдың 29–30 қараша күндері балалардағы УДЗ-диагностикаға арналған халықаралық деңгейдегі оқыту-тәжірибелік мастер-класс өтеді. Іс-шара Қазақстандағы ультрадыбыстық диагностика мамандары қауымдастығының басшысы, медицина ғылымының кандидаты, доцент К.Құлаевтың бастамасымен ұйымдастырылуда.

Семинардың басты мақсаты – тәжірибе алмасу және дәрігерлердің кәсіби әлеуетін арттыру. Екі күндік мастер-класс барысында дәрігерлер науқастарды қабылдап, тексеруден өткізіп, өз тәжірибесін халықаралық деңгейдегі мамандармен салыстырып жетілдіреді.
Оқу бағдарламасы «Балалардағы бауыр, асқазан және ұйқы безі патологияларын УДЗ арқылы анықтау» тақырыбына негізделген. Семинарды Ресейдегі балалар сәулелік диагностикасы саласының жетекші мамандарының бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РМАНПО балалар жасындағы сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі Михаил Пыков жүргізеді.

Қатысушылар балалар ағзасындағы асқазан-ішек жүйесі ауруларын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтау мен бағалаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, практикалық дағдыларын тереңдетеді. Бұл мастер-класс өңір медицина мамандарының біліктілігін арттырып, балалар денсаулығына көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

JQ-Aqparat

Фото: okg.kz

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура