jasqazaq.kz

Шымкент туралы әзіл айтқан Назарбаев шенеуніктерді қыран-топан күлдірді (видео)

28 сәуiр 2017, 18:26

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында өзінің саясатын үнемі қолдап отыратын халыққа алғысын айтып, оңтүстікқазақстандықтарды ерекше ағайынға теңеді. Тіпті аймақты үш «ш» әрпімен басталатын сөздермен атайтынын да мәлімдеді, деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында xалықпен кездескен елбасы Қазақстанның бүгінгі жетістігі ауызбіршіліктің арқасында екенін атап өтіп, үнемі саясатын қолдап отыратын оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдірді.

«Қабілеті болу үшін алдымен білім болу керек. Қазақ балаларын оқытуға әр уақытта ынталы. Оқыған адам, білімді адам әр мамандыққа ауысып кетуге ыңғайлы… Құрметті ағайын, біз көп ұлтты мемлекетпіз, солармен ауызбіршіліктің арқасында ешкімнің құқықын төмендетпей, тіліне, дініне қарамай бәріміз бір ұлт деп отырғанның арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Ассамблеямен кеше де, бүгін де кездестім, менің саясатымды ылғи қолдап келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысына шын жүрегіммен ризашылығымды келген сайын білдіремін», — деген мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысын қалай атайтынын да айтып берді.

«Ерекшелігі бар ағайынсыңдар ғой енді… Мен облысты үш «Ш»-мен айтамын. «Шырайлы Шымкент шаһары!». «Ш»-ға жақынсыңдар ғой жандарың…» деген президент әзіл қалжыңымен залға жиналғандарды күлкіге батырды. Бұл сәтті ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев ұтымды пайдаланып, тағы бір «ш»-ның барын, алайда оны айту қиынға соғатынын жеткізді.

«Жұмыс көп алда, оны халық түсініп, идеяны халық қабылдамаса ол іске аспайды. Сіздер осының барлығын қолдайды деп сенемін, сондықтан да баршаларыңызға шын жүрегіммен зор денсаулық, береке-бірлік тілеймін. Жанұяларыңызға, жора-жолдастарыңызға менен дұғай сәлем айта барыңыздар», — деп жиынды қорытындылады мемлекет басшысы.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық