jasqazaq.kz

Шымкент: Реновация бағдарламасы бойынша тозығы жеткен үйлер жаңарады

25 наурыз 2023, 12:02

Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау және қайта жаңғырту (модернизация) бағдарламасы бойынша арнайы баспасөз-туры ұйымдастырылды. Жаңа бағдарлама тозығы жеткен ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр.

Қазіргі уақытта бұл мақсатта арнайы штаб құрылды. Биыл реновация бағдарламасы бойынша тұрғын үй иелері келісім берген жағдайда 6 тұрғын үйді бұзуға ұсынылу жоспарлануда. Қазіргі таңда тұрғындарға бағдарлама шарттары түсіндіріліп, тұрақты жұмыстар атқарылып жатыр.

Авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу — меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін жеке инвесторлар тұрғын-жай меншік иелерінің келісімін алып, «Shymkent ӘКК» АҚ- мен келісімшарт жасасады. «Shymkent ӘКК» АҚ өкілі Бақтияр Шабданов инвесторға және тұрғындарға бағдарламаның шарттарын түсіндіріп берді.

Атап айтқанда, Елшібек батыр көшесі, 91 үйдің тұрғындары бағдарламаға қатысуға келісімін беріп отыр. Инвестор тозығы жеткен үйдің орнына 9 қабатты зәулім үй салуды жоспарлауда. Осы ретте акционерлік қоғам инвестордың ұсыныстарын қарап, құжаттарын зерделеуден өткізуде. Тиісті келісімдер жасалғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады.

Сондай-ақ, биыл 40 көп қабатты тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылмақ.

Шымкентте жалпы, тозығы жеткен 107 үй бар. Осы үйлердің басым бөлігінің іргетасы өткен ғасырдың жартысында қаланған. Тозығы жеткен үйлердің дені 1950 жылдары өндірістік орындардың жатақханасы ретінде пайдалануға берілген. Бүгінде ескі жатақханалардың іргетасы сөгіліп, қабырғалары жарамсыз күйде тұр.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде