jasqazaq.kz

Шымкент: Пробация қызметінде “Жұмыспен қамту” бұрышы ашылды

08 қазан 2025, 20:20

Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Елімізде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Соның бірі — жұмыспен қамтамасыз ету.
Жергілікті атқарушы органдар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңынына сәйкес әлеуметтендіру жұмыстарды жүргізеді. Бұл бағытта Шымкент қаласында тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.
Жуырда ғана пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу және тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында жаңа бастама қолға алынды. Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының бастамасымен «Жұмыспен қамту бұрышы» атты пилоттық жобасы іске қосылды.
Осы жоба аясында қаланың әр ауданындағы Мансап орталығының мамандары пробация қызметімен тығыз байланыста жұмыс атқарып, есепте тұрған азаматтарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастап кетті.
Бұл бастама – пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеп, Enbek.kz порталының мүмкіндіктерімен таныстыру, әлеуметтік бейімдеу мен құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ азаматтарды қоғамға қайта қосуға мүмкіндік беретін нақты қадам болып отыр.
Биыл пробация қызметі есебінде тұрған 76 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланса, қазіргі таңда оның 44-і еңбекке орналастырылған. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан 51 азаматтың 13-і жұмысқа жолданған.
“Жұмыспен қамту бұрышы” жобасы алдағы уақытта өз нәтижесін беріп, пробация есебіндегі азаматтардың әлеуметтік бейімделуін арттыруға және өмірін жаңа арнаға бұруға үлкен мүмкіндік тудырады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді