jasqazaq.kz

Шымкент пен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

27 наурыз 2023, 18:27

Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Корейлер Қауымдастығының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында Корея Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы өзара ынтымақтастық, мәдени және этносаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте 6 618 корей тұрады. Екі елдің дипломатиялық қатынастары нәтижесінде Шымкент пен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Былтыр тауар айналым көрсеткіші 45 466,18 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188% — ға жоғары. Қазір елімізде Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорацияларды қоса алғанда, корей капиталы бар 550-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты.

Оңтүстік Корея сауда-инвестициялық және технологиялық ынтымқатастықты дамыту тұрғысында Қазақстан үшін 10 басымдыққа ие мемлекеттердің бірі. Еліміз қарым-қатынасты тереңдету және осы бағытта жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға ынта танытып отыр. Осы салада сәтті үлгілер көп, олардың бірі – кореялық компанияның қатысуымен Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы бар. Кәріс бизнесі Қазақстанның тамақ өнеркәсібі, тау-кен байыту өнеркәсібі, автомобиль және басқа да салларында табысты жұмыс істеп келеді.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыс жөнінде тарихқа сәл көз жіберсек. Қазақстан 1992 жылы 28 қаңтар күні Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасын қатар орнатты. Содан бері 29 жыл бойы екі елмен дипломатиялық байланысын дамытып, бірімен стратегиялық серіктестік деңгейіне жетсе, біріне өзінің даму жолын ұсынған үлгілі мемлекет ретінде әлемге танылды. Сондықтан бұл Қазақстанның беделіне бедел қосуда. Алдағы уақытта оның саясаты өз жемісін беріп, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жұмыс жасай беретінін айқындай түседі. Аталған елдер арасында ресми сапарлар мен экономикалық байланыстар, түрлі сапарлар мен дипломатиялық келіссөздер одан әр жанданып, дами түседі деген ойдамыз.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде