jasqazaq.kz

Шымкент: Мал базарында ветеринариялық қауіпсіздік қатаң қадағаланады

29 қазан 2025, 17:35

Еліміздің «Ветеринария туралы» Заңының 32-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары – ірі қара, ұсақ мал, жылқы, түйе және шошқа – барлығы бірдейлендіріліп, дерекқор базасына тіркелуі тиіс. Осы талапқа сай, мал базарына сатуға әкелінетін әрбір жануардың иесі ветеринариялық анықтаманы, жануардың төлқұжатын және аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егілгені жөніндегі мәліметті ұсынуы қажет. Құжатсыз малдың базар аумағына кіргізілуіне қатаң тыйым салынған, өйткені бұл құжаттар жануардың денсаулығы мен шығу тегін растайтын негізгі дәлел болып табылады.

Аталған талаптардың сақталуы жұқпалы індеттердің таралуының алдын алуға және мал ұрлығының жолын кесуге мүмкіндік береді. Алайда, өкінішке қарай, бұл ережелерді көпшілік әлі толық білмей жатады. Осы мәселелер Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте сөз болды.

Шымкент қаласындағы ЖК «Сәндібай» мал базары – еліміздің түрлі аймақтарынан мал әкелушілер жиі жиналатын сауда орны. Осыған байланысты қала әкімдігінің бастамасымен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы және жергілікті полиция қызметі бірлесіп, апта сайын (сәрсенбі күні) рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Өткен аптада жүргізілген тексеру барысында заңсыз мал тасымалдаған 67 тұлғаға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді. Сонымен қатар, ветеринариялық құжатсыз мал тасымалдаған 12 тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабының 2-тармағына сәйкес айыппұл салу қарастырылуда.

Бүгінде әр аудан бойынша тіркелген мал басының санына сай ғана аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина беріледі. Мал базарына әкелінген жануарлардың ветеринариялық анықтамасы мен төлқұжаты базардағы мамандар арқылы дерекқормен салыстырылып тексеріледі. Тексеру нәтижесінде мал сатып алған тұлғаға тиісті құжаттар рәсімделіп, жануар иесінің атына тіркеледі.

Құжатсыз малдың сатылымға жіберілмейтіні туралы хабарламалар базар кіреберісінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

 JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында