jasqazaq.kz

Шымкент: «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектіні пайдалану» ғылыми іс-шарасы өтті

22 қазан 2025, 21:15

Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектіні пайдалану: CAREC өңірі үшін масштабталатын модель» тақырыбында халықаралық іс-шара өтуде. Бірлескен халықаралық ғылыми конференцияға жасанды интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық (АҚШ, Хорватия, Чехия, Орталық Азия өңірі университеттерінің ректорлары, проректорлары, профессор-оқытушылар құрамы) және отандық сарапшылар қатысып жатыр.
Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын инклюзивті білім беруге бейімдеу, аймақ елдері арасында тәжірибе алмасу және білім беру саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Халықаралық жиын барысында сарапшылар Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, инклюзивті аудиторияларды, кітапхананы және ғылыми көрмелерді аралап, университеттің цифрлық бастамаларына жоғары баға берді.
Іс-шарада ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланады. Бұл халықаралық іс-шара инклюзивті білім мен жасанды интеллекті біріктіру арқылы CAREC өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық көшбасы ретінде танылып келеді.
Бүгінге жоспарланған ғылыми конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлжан Жарасова ашып берді. Одан әрі отандық және халықаралық сарапшылар баяндама жасап, өз зерттеулерін таныстырды.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар орталығы

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін