jasqazaq.kz

Шымкент: Форумда 14 жоба бойынша меморандумға қол қойылды

25 наурыз 2023, 11:48

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала атанған тұста 194 млрд. теңге инвестиция тартылса, 2022 жылы инвестиция көлемі 560 млрд. теңгені құраған. Мамандар жыл соңына дейін 750 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Қалаға инвестиция тарту үшін «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумның маңызы орасан.

Осы форумға келген қонақтар түрлі тақырыптық бағыт бойынша кездесулерге қатысты. Әуелі, форумға қатысып отырған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Ал, ұлттық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері мемлекеттің бизнесті қолдаудағы негізгі бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ, өңірлердің табысты инвест-кейстері таныстырылып, «Shymkent city» – қаланың жаңа даму алаңы» тақырыбы аясында қаланың жаңа келбеті мен ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалды.

–Бұл форумның басты ерекшелігі – оңтүстік өңірдегі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының бірлесіп, алғаш рет өңіраралық инвестициялық форум ұйымдастыруында. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осы 4 өңірдің кәсіпкерлерінің басын қосып, атқарушы орган өкілдерін шақырып, ауқымды инвестициялық жобаларды талқылап отырмыз. Яғни, Шымкент қаласының ғана емес, Оңтүстік өңірдің мүмкіндіктерін шетелдік, отандық инвесторларға кеңінен таныстыру көзделген. Мемлекет және жергілікті әкімдіктер тарапынан көрсетілетін қолдаулар да осы форум аясында айтылды. Форумға Үндістан, Қытай, Түркия, Ресей елінен инвесторлар қатысып, қызығушылығын білдіріп отыр. Форумда жалпы құны 364 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба бойынша меморандумға қол қойылды. Оның ішіндегі ең ірі жобалар ретінде үндістандық «Medanta» компаниясының қаржыландыруымен салынатын 300 төсек орындық клиника мен «Shymkent city» аумағында бой көтеретін Hilton қонақ үйін айта аламыз. Одан өзге бірнеше өндірістік жобалар да бар, — дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.

Шымкент –тоғыз жолдың торабындағы қала. Темір жол тасымалына да, Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі арқылы тасымалға да қолайлы ортада. Б.Дүйсебековтің айтуынша, осы ерекшеліктерді ескере отырып, Шымкенттегі логистикалық аймақтың аумағын 136 гектарға кеңейтіліп жатыр.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде