jasqazaq.kz

Шымкент: Еңбек мобильділігі орталығы көмек қолын созады

30 қыркүйек 2025, 19:05

Қоғамда патерналистік көңіл-күйдің, «алма піс, аузыма түс» дейтін масылдық пиғылдың тамырлануына жол бермеудің бірден-бір жолы – жас буынды еңбекке баулу, жұмыссыз жандарға көмек қолын созу. Шымкент қаласында жұмыссыз жүрген жандарға қолдау көрсету жалғасын тауып келеді.

Жалпы Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығы әр апта елді мекендерге жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіру үшін шағын іс-шаралар жоспарын бекіткен.
Жоспарға сәйкес, әр ауданның мансап орталықтары өздеріне қарасты елді мекендерді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Мәселен, қыркүйек айында кезекті іс-шараны Абай ауданының мансап орталығы аудандық әкімдікпен бірлесе отырып, «Алаш» базарында ұйымдастырды. Жұмыспен қамту мамандары тұрғындарға Enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарымен танысу, портал арқылы жаңа кәсіп үйрену, телефонға порталдың мобильді қосымшасын жүктеу жолдарын түсіндірді.
Сондай-ақ «екі қолға бір күрек» ұсынуды көздеген іс-шара қаладағы Арбат алаңында да өтті. «Жұмысшы мамандықтары жылы» мен «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, қалалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, AMANAT партиясының қалалық филиалы атқарушы хатшының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаттары және қоныс аудару бағдарламасы бойынша келген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қостанай облыстарының делегаттары қатысты.


Қала әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев тұрғындарды «Еңбек күні» мерекесімен құттықтап, «Еңбек жолы – 2025» жеңімпаздарына әкім алғыс хатын табыстады. Мәслихат депутаты Альбина Елшиева үздіктерге мәслихат атынан марапат, «Парыз – 2025» жеңімпаз кәсіпорындарына кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев марапат тапсырды.
Жәрмеңкеде 371 мекемеден 2285 тұрақты, 918 мекемеден 2118 уақытша жұмыс орны ұсынылды. Сонымен бірге солтүстік өңірлерден 6 039 бос жұмыс орны ұсынылды.
Іс-шара барысында жұмыссыз азаматтармен қатар пробация есебінде тұрғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, мүгедектігі бар және алимент берешегі бар адамдар да қатысты. Жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатылып, нақты жұмыс ұсынылды.
Бұл жәрмеңкеге бас-аяғы 500-ге жуық адам қатысып, 91 адам тұрақты жұмысқа, 13 адам субсидияланатын орынға, 11 адам әлеуметтік осал топтар санатымен жұмысқа жолданды. 8 борышкерге жұмыс ұсынылды. Қоныс аудару бойынша 108 адамға кеңес берілді.
Қалған қатысушыларға кәсіптік оқыту, қайтарымсыз грант секілді бағдарламалар туралы кеңес берілді.
Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар — «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орындары» мен зейнет жасына жақындаған азаматтарға арналған «Күміс жас» жобасы жайында ақпарат берілді.
Алдағы уақытта да Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасын жалғап, еңбекке тарту міндетін ойдағыдай атқара бермек.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында