jasqazaq.kz

Шымкент: Экожүйе мен жасанды интеллект — болашақтың негізі

18 қыркүйек 2025, 17:45

Шымкент қаласында «Smart City» эталондық стандарттары негізінде жасанды интеллект элементтерін қолданатын бірқатар пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар білім, көлік, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік салаларын қамтиды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бүгінгі брифингте білім беру жүйесінде «Alaqan» биометриялық сәйкестендіру жүйесі 100 мектепке енгізілгенін атап өтті.

«Айқын» жобасы аясында 147 мектепке бейнебақылау мен Face ID жүйесін орнату жоспарланса, Protector AI пилоты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Көлік инфрақұрылымында ITS жүйесі арқылы 288 қиылыста «ақылды» бағдаршамдар іске қосылып, жол қозғалысын 24/7 режимінде бақылау қолға алынды. Сонымен бірге жол сапасын жасанды интеллектпен бағалау жобасы басталды.
Денсаулық сақтау саласында да цифрландыру қадамдары айқын. PULS AI интеллектуалды ассистенті дәрігерлерге диагноз қоюда көмектессе, «Cerebra AI» инсультті ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр. ЖИ негізіндегі автоматты қоңыраулар пациенттермен байланысты нығайтып, смарт-бейнежетондар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Қолайлы қалалық орта қалыптастыру үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы ЖИ технологияларын енгізіп жатыр. Сондай-ақ дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы құрылыс нысандары мен қоқыс алаңдарын бақылауға мүмкіндік береді. Ал «zhasylshym.kz» платформасы жасыл кеңістіктерді сандық есепке алуды қамтамасыз етті.
Мемлекеттік басқаруда құжат айналымын оңтайландыратын «Documentolog» жүйесі 117 ұйымға енгізілді. ЖИ-агенттер әкімдік жұмысын жеңілдетіп, хаттамалық тапсырмаларды тіркеуді және орындалуын қадағалауды автоматтандырады.
Тұрғын үй-коммуналдық салада «Art code» жылу желілерін тексеруге енгізілсе, «Jerleu» қызметі ритуалдық рәсімдерді онлайн тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады. Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы қаладағы ауа сапасы бақыланбақ.
Қоғамдық қауіпсіздікте жасанды интеллектпен жабдықталған бейнебақылау жүйелері адам көп жиналатын нүктелерде іске қосылып, террористік тұрғыдан осал нысандарды қорғау үшін арнайы бағдарламалық кешендер орнатылды.
Жалпы алғанда, Шымкенттің цифрлық экожүйесін дамыту мен жасанды интеллектіні енгізу тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, қалалық қызметтердің тиімділігін арттыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі