jasqazaq.kz

Шымкент: Аутизмге шалдыққан балалардың емінде оң көрсеткіш байқалады

17 қараша 2025, 13:34

Еліміздің үшінші мегаполисінде балаларға арналған жалпы психиатриялық бөлімше жұмыс істейді. Мұнда психикалық және эмоционалды ауытқулары бар балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Болат Медетов осы балаларға арналған жалпы психиатриялық бөлімшеге барып, ондағы жұмыс барысымен және ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты.

Бас дәрігер палаталарды аралап, медициналық қызметкерлермен кездесті. Балаларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және оңалту шараларын жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада ем қабылдауына, тиімді терапия мен реабилитацияның дұрыс ұйымдастырылуына назар аударды.

Болат Медетов медициналық персоналға өз ісіне адалдық танытып, балаларға мейірім мен қамқорлық көрсетіп жүргендері үшін ризашылығын білдірді. Орталық басшылығы бөлімше ұжымына балалардың психикалық денсаулығын қорғау жолындағы еңбектері мен жауапкершілігі үшін алғыс айтып, ұжымның кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, балаларға арналған жалпы психиатриялық бөлімше 25 төсек-орындық тәулік бойғы және 10 төсек-орындық күндізгі стационар ретінде қызмет көрсетеді. Бөлімше психикалық және эмоционалдық ауытқулары бар балаларға кешенді медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша бөлімшеде 403 бала ем қабылдаған. Олардың ішінде 123 балаға «аутизм» диагнозы қойылған. Емдеу заманауи әдістер мен психотерапиялық және коррекциялық бағдарламалар қолданылып, әрбір балаға жеке тәсіл негізінде жұмыс жүргізілді.

Қазіргі кезде ем алған балалардың барлығында оң динамика байқалып, олардың мінез-құлқында, қарым-қатынас пен танымдық қабілеттерінде айтарлықтай жақсарулар тіркелді. Бөлімше ұжымы алдағы уақытта да балалардың толыққанды дамуына, әлеуметтік бейімделуіне және өмір сапасын арттыруға бағытталған жоғары сапалы медициналық және психологиялық көмек көрсетуді жалғастырады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді