jasqazaq.kz

Шымкент әуежайы RA3-сертификат алды

27 қыркүйек 2025, 13:39

Шымкент халықаралық әуежайы сәтті түрде сертификаттау рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл сертификат әуежайдың жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.
Әуежайға KZ/RA3/00004-01 деген бірегей тіркеу нөмірі беріліп, ресми түрде Еуропаның RA3 деректер базасына енгізілді. Осы мәртебе әуежайға Еуропа елдеріне тікелей жүк тасымалдауды транзиттік бекеттерде қосымша тексерусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл жүк жеткізу уақытын жеделдетіп, логистикалық тізбектерді жеңілдетуге, серіктестердің уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға, сондай-ақ қаланың халықаралық әуе тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялар үшін тартымдылығын арттыруға жол ашады.
Шымкент үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңызы зор. Жаңа мәртебе әуежайдың Орталық Азиядағы ірі жүк хабтарының бірі ретіндегі орнын нығайтып, шетелдік әуе компанияларымен ынтымақтастық аясын кеңейтеді және Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады.
ҺRA3 сертификатын алу – Қазақстанның халықаралық көлік және сауда дәліздеріне ықпалдасу жолындағы маңызды қадам саналады. Сонымен қатар ол өңірдің инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, Шымкент әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынады. Жоба – әуежайды халықаралық деңгейдегі заманауи мультимодальды хабқа айналдыру бағдарламасының маңызды бөлігі.
Жаңа жолақтың ұзындығы – 3500 метр, ені – 60 метр болады. ПСН-80 санатындағы төсемнің беріктігі жоғары жүк көтерімді әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікке ерекше назар аударылған. Жолақ шектеулі немесе мүлде көрінбейтін жағдайда да әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік беретін жүйелермен жабдықталады. Бұл әуе қатынасының тұрақтылығы мен сенімділігін айтарлықтай арттырады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді