jasqazaq.kz

Шымкент архивінде жылына 6500-ге жуық құжат қорға сақталады

29 наурыз 2023, 10:18

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар.

Аталған құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.

Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген.

Айта кетейік, Мекеме жыл басынан бері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты 1702 сұранысты орындаған.

Шымкент қаласы әкімінің 1992 жылғы 26 қазандағы №86 шешімімен «Шымкент қаласының мемлекеттік архиві» жеке құрам бойынша құжаттарды сақтайтын мекеме ретінде қызметін бастады.лар, өзге де мекемелер меншік турын ауыстырған кездегі құжаттардың жоғалып кетпей, мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмыстарына осы 4 қызметкер көп еңбек сіңірді.

Мемлекеттік архивтің негізгі қызметі – Ұлттық архив қорын жинақтау, тұрақты және жеке құрам бойынша жеке текті құжатарды мемлекеттік есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету, пайдалану. Сол бір жылдары мемлекеттік архивтің өз алдына ғимараты болмай, әр мекеменің бөлмесін жалға алып, көшіп-қона жүріп те құнды құжаттарды сақтай білді.

Кезінде 4 адаммен қызметін бастаған мекеме бүгінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ ретінде 41 қызметкермен, яғни 4 бөлім жұмыс істеуде.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде