jasqazaq.kz

Шымкент: Арғынбеков көшесіндегі ашық тоннель мамыр айында пайдалануға беріледі

25 наурыз 2023, 11:50

Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысында жұмыстың 70 пайызы атқарылған.
Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев мәлімдеді.

Жобаға сәйкес, жолайрықтың төменгі деңгейінде Арғынбеков көшесінің бойында ашық тоннель салынып жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, ол мамыр айында пайдалануға беріледі. Ал, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады. Қазір 1-ші және 4-ші оң жақ бұрылыстар көлік қозғалысы үшін ашық.

Мамыр-маусым айларында 2-ші және 3-ші оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол ашылады. Осылайша жүргізушілер Бәйдібек би даңғылымен де, Арғынбеков көшесімен де жүруіне мүмкіндік пайда болады. Ал, жолайрықтың жоғарғы деңгейінде Бәйдібек би даңғылын бойлай салынып жатқан эстакада қазан айында ашылады деген болжам бар. Құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін толығымен аяқталады.

Құрылыс жұмыстарына 35-тен астам техника жұмылдырылған. Құрылыс аумағында 2 ауысыммен 200-ге жуық адам жұмыс істеуде. Мұнан бөлек БАҚ өкілдері А-2 жолының қайта құру жұмыстарымен және Д.Қонаев даңғылының бойындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Үшінші мегаполисте қала шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық жоспары бекітілген. Соған сәйкес, жыл сайын 200 шақырымнан астам жол жөнделуі тиіс.

Жауапты мамандардың мәліметінше, биыл қала орталығындағы үлкен көшелер мен шалғай аудандардағы жолдарды қосқанда 187 нысан жұмыс жоспарына енгізілген. Тиісті жұмыс нәтижесінде ұзын-саны 350 шақырымнан астам жол қалпына келтіріледі. Оған қоса өткен жылы ірі 5 нысан пайдалануға берілді.

Бибайша Нұржанқызы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде