jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік грант ұсынылады

22 қазан 2025, 20:45

Шымкент қаласында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндік ашылды. 2025 жылдың 29 қазаны мен 5 қарашасы аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі — қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.
Өтінімдер kezekte.kz электронды порталы арқылы қабылданады.
Гранттарға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.
Өтінім беру тәртібі оңай. Ол үшін ең алдымен электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы kezekte.kz порталына тіркелу керек. Содан кейін пайдаланушы келісіміне қол қойылады. Белгіленген үлгі бойынша бизнес-жоспар әзірлеген соң өтінімді жіберуге болады.
Мемлекеттік гранттар төмендегі мақсаттарға берілетінін ескерген жөн:
• Тауар өндіру немесе қызмет көрсетуге қажетті негізгі құралдарды алу, жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу;
• Шикізат пен материалдар сатып алу;
• Материалдық емес активтер мен технология сатып алу;
• Франчайзингке құқық иелену;
• Зерттеу жұмыстары мен жаңа технологияларды енгізу шығындарын өтеу.
Грант иегерлері арнайы комиссия шешімімен анықталады. Үміткерлер өз жобаларын комиссия алдында таныстырып, қорғауы тиіс. Бағалау барысында жобаның әлеуметтік бағыты, тиімділігі, дайындық деңгейі, инфрақұрылымның болуы, бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық негіздемесі ескеріледі.
Комиссияның шешімі үміткердің kezekte.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Грант иегерлерін комиссия мүшелері іріктейді. Үміткер өз жобасын осы комиссия алдында таныстырып қорғайды. Комиссия шешімі порталдағы жеке кабинетке жіберіледі. Егер жоба қолдау тапса, кәсіпкермен келісімшарт жасалып, қаражат тікелей оның есепшотына аударылады.
Бұл бастама – әлеуметтік кәсіпкерлікті жандандырып, қоғам игілігіне қызмет ететін жобаларды қолдауға бағытталған маңызды қадам.
JQ-Aqparat

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін