jasqazaq.kz

Шымкент: 333 тұрғынға қайтарымсыз грант берілді

20 қыркүйек 2025, 17:08

Шымкент қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 333 тұрғынға 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі (1 572 800 теңге) қайтарымсыз грант берілді. Бұл мүмкіндік олардың жеке кәсіп ашып, табысын арттыруына жол ашады.

Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, жылдың алғашқы екі легінде 1756 өтініш қабылданып, комиссия шешімімен 336 адам мақұлданды. Алайда 3 адамның есепшоты бұғатталғандықтан, оларға қаржы аударылған жоқ. Соның нәтижесінде 333 адам грант иегері атанды.
Грантқа өтініш беру Enbek.business.kz порталы арқылы жүргізілді. Үміткерлер өз бизнес-жобаларын онлайн тіркеп, кейін комиссия алдында офлайн қорғады. Бірінші лекте 134 адам (65 жеке кәсіпкер, 69 жұмыссыз), екінші лекте 199 адам (101 жеке кәсіпкер, 98 жұмыссыз) қолдау тапты.
Жеңімпаздардың басым бөлігі әлеуметтік осал топтардан: 192 көп балалы отбасы, 51 мүгедектігі бар азамат, 59 мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, 22 асыраушысынан айырылған адам және 9 атаулы әлеуметтік көмек алушы.
Кәсіп салалары да әртүрлі:
– қызмет көрсету – 151 адам
– өндіріс (құлпынай өсіру, ет өнімдері, т.б.) – 53 адам
– кондитерлік және нан өнімдері – 37 адам
– тігін – 35 адам
– жартылай дайын өнімдер – 24 адам
– мал, құс шаруашылығы – 12 адам
– жиһаз өндірісі – 4 адам
– өзге бағыттар (фаст-фуд, шұжық, кофе, т.б.) – 17 адам
Мұндай қайтарымсыз гранттың басты мақсаты – азаматтарды кәсіпкерлікке ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономиканы дамыту. Мемлекеттен берілген қаржы қайтарымсыз болғанымен, оның мақсатты жұмсалуы қатаң бақыланады. Еңбек мобильділігі орталығында арнайы мониторинг тобы жұмыс істеп, жобалардың іске асуын қадағалайды. Егер қаражат мақсатсыз жұмсалса, ол мемлекетке қайтарылады.
Бұл бастама – әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа мүмкіндік беріп қана қоймай, Шымкенттегі кәсіпкерліктің дамуына серпін бермек.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығы

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді