
«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында 17-19 наурыз аралығында «Могул», «Параллельдік могул» және «Шаңғы акробатикасы» түрлерінен фристайл бойынша FIS Әлем кубогының финалдық кезеңдері өтеді.
Фристайлдан әлем кубогының кезеңдері 1980 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Әр спорт маусымының соңында жарыстың әр түрі бойынша Әлем Кубогының финалдық кезеңі өткізіледі, онда үздік спортшыларға хрусталь глобустар беріледі, бұл спорттық шара әлем кубоыгының шарықтау шегі негізгі түйіні. Әлемдік маңызы бар жарыстарды дәстүрлі түрде Алматыдағы «Шымбұлақ» тау курорты қабылдайды, жыл сайын таңдаулы спортшылар келеді. Кубокқа дайындық аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 2022 жылдың жазында қарлы жүйенің жаңа тармағы (2 км) салынды, жаңа трассаның тұжырымдамасы бекітілді және қосымша трасса іске қосылды, 2022 жылдың қарашасында FIS техникалық делегаттары могул және шаңғы акробатикасы трассаларын тексеріп, жоғары баға берді.
2018/19 маусымда Алматыда алғаш рет могул түрі бойынша фристайлдан әлем кубогының кезеңі өтті. Жарысқа 12 елдің үздік спортшылары қатысты. Қазақстандық команданың көшбасшысы Юлия Галышева өз мемлекетінде алтын медаль иеленді. 2019/2020 маусымында Алматы («Шымбұлақ» ТК-да) параллельдік могул түрі бойынша фристайлдан FIS Әлем кубогының кезеңдерін және шаңғы акробатикасы түрі бойынша («Ой Қарағай» ТК) фристайлдан FIS Әлем кубогының кезеңдерін тағы да қабылдады. Алдабергенова Жанбота шаңғы акробатикасынан қола медаль еншілесе, Рейхерд Дмитрий могулдан 4-орын алды. Жарысты өткізу деңгейін халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) өкілдері жоғары бағалаған болатын. Бұл жолы да сол межеден көрінеміз дейді әлем кубогы кезеңін ұйымдастырушылар.
JQ-Aqparat