jasqazaq.kz

«Шымбұлақ» шыңы Гиннес рекордтар кітабында! (Видео)

27 наурыз 2023, 10:37

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты ресми түрде «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» аталымы бойынша Гиннесс рекордтар кітабына енді.
Guinness World Records кеңсесінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи Алматыға арнайы келіп, «Талғар асуында» тебірене сөйлеп, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының директоры Ринат Абдрахмановқа сертификатты салтанатты түрде табыстады. «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты әлемдегі ең биік шаңғы трассасы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгенін мақтанышпен хабарлаймын. Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктен басталатын түнгі сырғанау трассасы сөз жоқ әлемдегі ең биік нүкте болып саналады» деді Шейда Субаши-Гемиджи.
«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының директоры Ринат Абдрахманов бес жыл бұрын тау сілемінде түнгі сырғанауды ұйымдастыру арман болғанын, енді міне іске асып қана қоймай, Гиннесс рекордтар кітабына енгенін қуана жеткізді. Игілікті шараға мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысып, құттықтау сөзін жолдады. «Шымбұлақ» кешенінде түнгі ауысымда сырғанау 2021 жылдан бері ашылған. 2021-2022 жылғы сырғанау маусымында тек түнде келіп тынығушылардың саны 50 мыңнан асыпты. Ал биылғы маусымда тек түнде сырғанаушы туристердің қатары 55 мыңнан асқан. Былтыр күніне 12 мыңнан астам турист келсе, биылғы маусымда 1 миллионнан астам адам «Шымбұлаққа» барып үлгеріпті.

@jasqazaq.kzШымбұлақ Гиннес рекордына енді♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата