jasqazaq.kz

Шығыста қар көшу қаупі мол

21 ақпан 2023, 12:20

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар деп хабарлады облыстық өтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 21-23 ақпан аралығында таулы аймақта жүру қауіпті екенін ескертті төтенше жағдайлар департаменті.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қардың толастамай жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болғанда бірден «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін», — ескертті ведомство өкілдері. Құтқару қызметінің мамандары шығысқазақстандықтарға алыс сапарға шығарда күн райын бағып, жолдардың жайын «Дәрмен» қосымшасы арқылы тексеріп алу қажеттігін ескертті.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті