jasqazaq.kz

Швецияда құранды өртеген оқиғаға қатысты бас мүфти пікір білдірді

26 қантар 2023, 13:05

Швецияда қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанымын мәлімдеді. Бұл туралы Бас мүфти 100-ден астам мұсылман елдерінің мүфтилері мен ғалымдары басқосқан халықаралық онлайн конференцияда айтты,- деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Бас мүфти:«Расында, кім Құранды құрметтесе Аллаға құрмет көрсеткен болып саналады. Ал Құранды кемсіткен адамның әрекеті Алланы кемсіткенмен тең. Демек, Құранды қорлаған адамды Құдайдың өзі қорлайды.

Құранды өртеу – шектен шығудың ең үлкені. Ол өзінің сорақы әрекетімен бүкіл әлемге бүлік салып отыр. Құранды қорлаған, оны өртеген адамды Алланың әділ үкіміне тапсырамыз. Менің ойымша, ол осы өрескел әрекетімен өзінің адамға тән болмысын қорлады. Масқара ісімен өзі масқара болды!» — деді.

Халықаралық онлайн конференцияда сөз алған Түркия, Пәкістан, Судан, Малайзия, Палестина елдерінің дін ғұламалары және халықаралық ұйымдардың басшылары қасиетті Құранды өртеу ісін қатаң айыптады.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді