jasqazaq.kz

Шошқа фермасы жабылады

09 ақпан 2023, 11:53

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар наразылығын туғызған шошқа фермасын жабуға қатысты сот үкімін апелляциялық инстанция өзгеріссіз қалдырды. Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы Степное, Шмелев Лог ауылдары халқының наразылығын туғызған шошқа фермасына қатысты тексеру былтыр жүргізілген болатын. Тұрғындар шошқа фермасы мен мал сою алаңынан шыққан қалдықтардың адам денсаулығына және табиғи ортаға келтіретін зияны туралы айтқан. ШҚО Экология департаменті тексеру барысында талай заңбұзушылықты анықтады.
Белгілі болғандай, «Родничок» шаруа қожалығына тиесілі шошқа фермасы жұмыс істеуге қажетті экологиялық рұқсат қағаздарын рәсімдемеген. Шошқа қалдықтары ашық жерге тасталып, салдарынан топырақ жамылғысы ластанды. Соған орай құзырлы департамент ферма иесіне айыппұл салып, кемшіліктерді түзетуге уақыт берді. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ. Осыдан соң іс ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Сот шошқа фермасын жабу туралы шешім шығарған.
Алайда ферма иесі үкіммен келіспей, апелляциялық сотқа жүгінді. Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 8 ақпан күні жарияланған үкімімен бұл шешім өзгеріссіз қалып отыр.
«Экология департаменті былтыр тексеру қорытындысы бойынша шаруа қожалығына жалпы сомасы 1 072 048 мың теңге айыппұл салып, заңбұзушылықтарды жоюға уақыт берген. Бірақ жеке кәсіпкер ұйғарымды орындаудан бас тартты. Содан кейін департамент «Родничок» шаруа қожалығының қызметін тоқтату туралы сотқа талап арыз жолдады. Экономикалық сот бұл талапты толықтай қанағаттандырды. Апелляциялық сот қоршаған ортаға келтірілген орны толмас зиянды және жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды», — деп хабарлады ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметінен.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде