jasqazaq.kz

ШҚО прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау схемаларын анықтады

04 қыркүйек 2024, 15:18

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын сақталуын тексеру барысында басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемаларын анықтады.

Бұл қаражаттың жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұрланғаны анықталды.
Кейбір жағдайларда ұрлық мансап орталықтарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мәселен, 2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 млн теңге тұрғын үй сатып алуға келісім-шарт жасаса, оның 9 млн теңгесін қоныс аударушылар келісімшартқа қол қойғанға дейін төлеген-мыс, ал қалған соманы Орталық сатушылардың есепшотына аударған.
Содан кейін сатушылар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны қоныс аударғандарға қайтарды, олар жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде көлік сатып алуға жұмсады.

Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 млн теңге сомасында үйді сатып алу-сату шартын жасасқан, оның 4 млн теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген.

Сонымен бірге, сатып алынған үй қирап, тұруға жарамсыз екені, ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған келісімшарт жасалғаны анықталды.
Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

JQ-Aqparat

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті