jasqazaq.kz

ШҚО-да мұз ойылып трактор батып қалды (Видео)

12 қантар 2023, 15:25

Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл ту өткелінде трактор мұз астына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 11 қаңтар күні Күршім ауданындағы Қызыл ту мұз өткелінде болған.

Трактор мұз астына құлағанда жүргізуші есіктен сыртқа шығып үлгерді.

«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметіне сүйенсек, сол уақытта мұз өткелінде бірнеше көлік кептеліп қалған.

«Жүргізушілер бізге телефон соғып, көмек сұрады. Трактор оларға көмектесу үшін жолды тазалауға шыққан. Алайда кенеттен осындай жағдай болды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Мұздың қалыңдығы 35 сантиметрді құраған. Трактордың алдында сол жермен ауыр жүк көлігі өткенде мұзда жарықшақ пайда болуы мүмкін», — дейді мекеменің бас инженері Ерік Пшенов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қызыл ту» мұз өткелінде көлік қозғалысына тыйым салынған.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка