jasqazaq.kz

ШҚО-да Қаңтар оқиғасында қаза болған әскерилерге құрмет көрсетілді

05 қантар 2023, 14:00

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері Қаңтар оқиғасында қаза болған әскерилерді еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімде «Мәңгілік сапта» атты бір күндік еске алу шарасы өтті. Ұландықтар Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік жариялады.

Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық ұланның қос сарбазы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов жаппай тәртіпсіздік кезінде өздерінің жауынгерлік міндеттерін орындау барысында көз жұмған болатын. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының жеке құрамы алдында сөз сөйлеген ҰҰ Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов әскерилердің өз міндетін орындауға қашанда дайын болу керектігін айтты.

«Былтыр дәл осы күні халқымыздың басына түскен қиын-қыстау кезеңде Ұлттық ұлан қызметкерлері өздерінің табандылығы мен қайсарлықтарының арқасында тайсалмас беріктігін көрсете білді. Біз әр әскерилер өзіміздің жауынгерлік міндетімізді орындауға қашанда дайын болуымыз керек! Ол үшін әрқайсыңыз батыл әрі табанды, жұртымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өзін құрбан етуге әзір болуы тиіс!», — деді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық