jasqazaq.kz

Шетелдіктер 8 есірткі зертханасын іске қоспақ болған (Видео)

15 наурыз 2023, 10:40

ІІм, ҰҚК, ҚМА және Алматы облысы ПД ведомствоаралық тобы жүргізген арнайы операция кезінде ғаламтор арқылы синтетикалық есіртікіні өндіріп әрі елімізде таратуды көздеген трансұлттық қылмыстық топтың қызметі жойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Былтыр Алматы облысында жергілікті полиция департаментінің жедел қызметкерлері арнайы шара жүргізіп, облысы аумағында үш жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірумен шұғылданған сегіз шетелдік ұсталған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қосымша осы қылмыстық топты қаржыландыруға, сондай-ақ прекурсорларды (есірткі өндірісіне қосатын химиялық қоспа) және зертханалық жабдықтарды шетелден Қазақстанға жеткізуге жауапты екі шетелдікті, яғни негізгі ұйымдастырушыларды анықтады. Прекурсорларды жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған ұйымдастырушылардың бірі Алматы қаласында ұсталды. Тінту барысында ол жалға алған алты қоймадан есірткі өндіруге қажетті сегіз бірлік «реактор» деп аталатын арнайы зертханалық жабдық және 13 тонна пркурсорлар тәркіленді. Соның нәтижесінде елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіру (бұл 4 млн бір реттік доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30 бірліктен астам жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегулятор, сорғылар тәркіленді. Үш жеке үй мен үш автокөлікке тиым салынды» деп жазды Polisia.kz.

@jasqazaq.kzШетелдіктер 8 есірткі зертханасын іске қоспақ болған

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде