jasqazaq.kz

Шетелдік көлікті заңдастыру қанша тұрады?

16 қантар 2023, 12:52

Сырт елден әкелінген автокөлікті заңдастыруға қанша сома керек? Аталған сауалға Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылғын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем жасалады. Техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж бар. Сондай-ақ көлік иесі мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге мөлшерінде алым төлейді. Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі»,- деді Қайсар Сұлтанбаев аталған ведомствода өткен брифингіде.

Оның айтуынша, шетелдік көлікті бір рет тіркеп, заңдастыру жетіп жатыр.

«Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелден әкелінген автокөлікті уақтылы тіркеу талабын сақтауы қажет. Яғни ел аумағына кіргеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде заңдастыруы тиіс», — дейді ол.

Одан бөлек министрлік өкілі көлігін заңдастырған азаматтардың утиль алымнан босатылатынын айтты.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка