jasqazaq.kz

Шетелден қаржы алатындардың тізімі жарияланады

27 қантар 2023, 18:34


Сырттан қаржыландырылатын ұйымдар мен жеке азаматтардың тізімі жарияланатын болды. Еліміздің қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс жөніндегі комитет өзге мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, бөгде елдің азаматтарынан, азмматтығы жоқ тұлғалардан қаржы немесе өзге де мүлік алып, пайдаланғандардың аты-жөні жария болатынын хабарлады.
Мұндай тізім жарты жылдың қорытындысы бойынша келесі айдың 20-на дейін аталған комитеттің сайтында жарық көреді. Сондай-ақ, тізбені жүргізудің үлгісі дайындалды. Онда ұйымның БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі, ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Құжат 8 ақпанға дейін ашық НҚА-да (нормативтік құқықтық актілер порталы) талқыланады.
Айта кеткен жөн, бұдан бірер жыл бұрын шетелден қаржы алып, жұмыс істейтіндердің салық төлеуінен қатысты мәселе көтерілгенде кейбір халықаралық ұйымдардың өкілдері мен грант алушылар өре-тұра қарсы тұрып, байбалам салған болатын. Елімізде сырттан кімнің қанша көлемде қаржы алып, салық төлейтіні немесе төлемейтіні жұртшылықтың көкейіндегі өзекті мәселе болып тұр.

JQ-Ақпарат

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики