jasqazaq.kz

Шерхан Мұртаза: Гендерлік саясат деген шығып, қайқаңдап кеткен қатындар көп бүгінде! (видео)

12 қантар 2017, 23:46

Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза мешіттердің бірінде қазақтың болашағына қатысты келелі ой қозғағаны жайлы видео жүр. Шерағаң ұлтымыздың санын көбейтпесек, халіміз мүшкіл екенін айтып, дабыл қаққан, деп хабарлайды Baq.kz.

Біздің ұлттың саны аз. Қазақстан халқы 15 миллионның ар жақ, бер жағы деп жүрміз. Оның 8 миллиондайы қазақ. Бұл қалай болғаны? Бір-ақ уыспыз. Жер деген жетеді. Сонау Алты айдың ар жағынан Атырау жақтағы Азғыр дейтін жерге дейін созылып жатыр. Мынау Тәңіртаудан бастап Сібірдің шетіне дейін біздің жер. Осыншама кең байтақ елде бір-ақ уыс халық тұрады.

Гендерлік саясат деген шығып, қайқаңдап кеткен қатындар көп бүгінде! Отырып қалған қыздардың саны 300 мыңға жететін көрінеді. Бәрі кәрі қыздар! Күйеуге тиетін жағдайы жоқ. Баяғыдай қос-қостан әйел алатын заман тағы жоқ, тоқал болатын. Сонда жағдайымыз не болмақ?», — деп ашынды Ш.Мұртаза

«Біздің демографиямызды не күтіп тұр алда? Осылай қала береміз бе? Ал мына көршің бір жарым млрд. Сенің 8 млн халқың олар үшін шыбын шаққан құрлы бола ма, жоқ па? Құран кәрімде не айтылады? Әйелдің міндеті не өзі? Бала өсіру, тәрбиелеу, халықтың санын көбейту емес пе?», — дейді жазушы.

 

https://www.facebook.com/100007817508230/videos/vb.100007817508230/1827790047491561/?type=2&theater

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде