jasqazaq.kz

Шенеуніктің тілі ащы

04 қазан 2016, 14:54

photo_29938

Қарағандыда мәдениет басқармасының басшысы қоластындағы жұмысшыны ар-ұяттан безген және ақыл-есі ауысқан деп тіл тигізген. Шенеунік қызметтік этиканы сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оған сөгіс жариялады.

Қарағанды облыстық тәртіп кеңесі мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаевқа қатысты тәртіптік істі қарады. Мемлекеттік қызметтің бақылау басқармасының бас маманы Марат Рақымжановтың мәліметінше, Ағымбаев қызметтік этиканы бұзған — шенеунік қол астындағы жұмысшы Сұңғат М.М-ді ар-ұяттан безген және ақыл-есі ауысқан деп тіл тигізген. Қызметтік тексеріс барысында қызметтік тәртіптің бұзылғаны өз дәлелін тапқан.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметкердің бұл әрекетін тәртіпсіздік деп бағалады.

«Мәдениет басқармасының басшысы облыстағы ең мәдениетті адам болуы тиіс. Ол басқаларға үлгі болуы тиіс. Оған ескерту жариялауды ұсынамын», — деді тәртіп кеңесінің төрағасы Жандос Сәрсенов. Алайда басқа қатысушылар сөгіс жариялауға дауыс берді. Кінәлінің өзі жұмысының көптігін айтып, отырысқа қатысқан жоқ.

kaz.tengrinews.kz

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты