jasqazaq.kz

Шенеуніктер қаза тапқан ағайындылардың балаларына көмектесуге уәде берді

26 қыркүйек 2016, 17:20

 

20160926131843Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың артында тоғыз баласы қалды.

Қазіргі уақытта әкімдікте қаза тапқан азаматтардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы мәселе қарастырылып жатыр. «Бірінші кезекте біз жерлеу рәсіміне көмектесеміз. Ертең сағат 9-да жерлеу рәсімі өтеді. Кейін заңнамаға сәйкес қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету туралы мәселені қарайтын боламыз», — деді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.

Қайтыс болған азаматтардың бірінің өзінің тұрған жері Айнабұлақ станциясының аумағында жерленетіні белгілі. Ал қалған екеуі Алматы облысы Мұқыры ауылында жерленеді. Қазір олардың денесі мәйітханадан жерлеу рәсімі өтетін жерге жеткізіліп жатыр.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 
Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Tengrinews.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар