
Ақтөбелік шенеунік қауіпті болжау үшін көріпкелге барғалы жүр.
Облыста төтенше жағдай жариялағаннан бері журналистерден қашып жүргендердің бірі — су шаруашылығының басшысы.
«Журналистерден қорқатын болдық. Жер дөңгелек, дұрыстап жазарсыздар. Біз көріпкел емеспіз, не болатынын қайдан білеміз. Бірінші Алла, одан кейін көріпкел бар. Мынадай жағдайды кім білген?! Астана қаласының өзі қауіпте тұр. Осы жағдайлардан кейін көріпкелге барғым келеді», — дейді су шаруашылығының басшысы Бекзат Нəметов.
NUR.KZ хабарлағандай, басшы облыс əкімінің алдында кінəні басқа жақтан екенін айтып, басын ашып алды.
«Гидробекеттер санын 95-тен 25-ке кесіп тастады. Соны қайтадан қалпына келтіру керек. Бізде болжау бекеттері жоқ. Қазгидромет пен гидробекеттер болжамаса, біз оны иіскеп білеміз бе? Су арнасындағы жер бос жату керек», — деді су шаруашылығының басшысы Бекзат Нəметов.