
Қоғамдық орында шемішке шағып, айналасын ластаған азамат айыппұл төлейді. Маңғыстау облысының тұрғыны «Адай» орталығында шемішке шаққанымен қоймай, қабығын жерге шашқан. Қоғамдық орынды ластағаны өз алдына, айналадағы жұртқа әдепсіз қылық көрсетіпті.
Маңғыстау облыстық соты хабарлағандай, тәртіп бұзған азамат осы әрекеті үшін 22690 теңге көлемінде айыппұл төлейді.