jasqazaq.kz

Шекарадан заңсыз өткендерге жаза күшейтіледі

10 қантар 2023, 16:46

Елімізде Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы тұрақсыз жағдайға байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өткендерге қолданылатын жаза күшейтіледі. Мұндай өзгеріс «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстанның Заң жобасында қаралған, деп хабарлайды JQ-aqparat.

Заңның жаңа редакциясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан аумағынан тысқары 5 жыл мерзімге шығарыла отырып, оған 2 000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», — деп жазылған.
Жазаны қатаңдату шарасы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданып отыр.

«Жақында Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай және Ауғанстандағы жедел жағдайдың шиеленісуі үлкен алаңдаушылық туғызды. Осыған байланысты жалған құжаттар бойынша ел аумағына заңсыз кіру әрекеттері жиілеп кетті. Сонымен қатар, қолданыстағы қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін адамдарды жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді. Өйткені бұл әрекет ауырлығы аз қылмыстарға жатқызылған», — деп түсіндірме берілген.

Ал қолданыстағы заң бойынша шекараны заңсыз кесіп өткендерге қолданылатын ең қатаң жаза – 1 жылға дейін бас бостандығанан айыру. Енгізілгелі отырған өзгерістерге сай, енді мұндай қылмыстар үшін кінәлі 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка