jasqazaq.kz

Шеймус Клэнси: «LinkedIn Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен ең бірінші боп Қазақстанмен кездесіп отыр»

27 қантар 2023, 16:47

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америка бойынша мемлекеттік сектор және коммерциялық емес ұйымдардағы сату бөлімінің басшысы Шеймус Клэнсимен онлайн форматта кездесті.

Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп реформалар жөнінде және министрлік жетекшілік ететін сала мен бағыттар туралы айтып берді.

Сонымен қатар министр Қазақстанда 14 млн-ға жуық адам (халықтың 72%) әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушылары екенін атап өтті.

«Әлеуметтік желіні қолдану үрдісі күнделікті өмірге тікелей әсер етуде. Сондықтан оны дұрыс бағытта пайдаланған жөн. Бүгінде елімізде журналистер, баспасөз хатшылары, медиаменеджерлердің кәсіби деңгейін арттыру үшін шаралар қолданудамыз. Осы орайда әлеуметтік желі мен онлайн платформаларды қолдану тиімді деп білеміз және сіздермен серіктестік орнатуға мүдделіміз»,- деді министр.

Өз кезегінде LinkedIn компаниясының бөлім басшысы Шеймус Клэнси: «Жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен ең бірінші боп LinkedIn компаниясы Қазақстанмен, яғни, сіздермен кездесіп отыр. Өте қуаныштымыз және қолданушылар үшін тиімді бірлескен жобаларды атқаруға болады. Серіктестікке әрқашан дайынбыз!», — деді.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда  Қазақстан Мета, TikTok сияқты әлемдік компаниялармен тікелей байланыс орнатып, тиімді қарым-қатынас жүргізуде.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики