
«Шейх Халил» деген атпен танымал болған діни алуыздық таратушы Әбдухалил Әбдужаппаровтың елге қайтарылғанын бұрын хабарлаған едік. Ақпарат құралдарында Ә. Әбдужаппаровтың Сауд Арабиясында қамауда болғаны туралы мағлұмат жарияланды. Бұл туралы Ресейдегі «Мемориал» құқық қорғау орталығының жетекшісі В.Пономаревтың «Караван» газетінде берген сұхбатында баяндады.
2015 жылдың 25 желтоқсан күні «Шейх Халилды» Сауд Арабиясы полициясы тұтқынға алды. Онымен бірге Мәдинадағы Ислам университетінде оқитын 5 қазақ студенті ұсталған. Алдымен оларды тексеріп, содан соң Мәдинадан 500 шақырым жердегі Әл-Қасым округіне әкелген.
2016 жылдың 12 қазанында Ә. Әбдужаппаров әйелі және кәмелетке толмаған 10 баласымен (3-17 жас арасындағы 4 ер бала және 6 қыз) бірге Сауд Арабиясынан аластатты. Ыстамбұлға келгенде Әбдухалил Қазақстанға қайтудан бас тартады. Түркиядан сонда қалу үшін көмек сұраған. Халил мен отбасы терезесі жоқ 2 бөлмеде бір айдай тұрады. Оларды тамақпен әуе компаниясы қамтамасыз еткен.
Пономаревтың айтуынша Ыстамбұлға Халилдің қайын енесі келіп қызын елге қайтуға көндіруге тырысыпты. Алайда Халилдың жұбайы Динара балаларының қасында қалатынын айтқан.
2017 жылы ақпанның 16-нан 17-не қараған түні түрік полициясы оны отбасымен қоса Ыстамбұлдан Дубайға жібереді. Оны сол жерде тұтқындайды.
Айта кетейік Алматыға әкелінген Әбдухалил Әбдужаппаров бірден қамауға алынды.